Қазақстанның үздік өрт сөндірушілері мен құтқарушылары жеңімпаздарды анықтады

1584
Фотосурет: Gov

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ТЖМ кубогына VIII турнирдің қорытынды кезеңі, деп хабарлайды DKNews.kz.

Петропавл қаласының «Қарасай» стадионында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кубогына VIII турнирінің төртінші жарыс күні өтті.

Жарыс өрт мотопомпасынан жауынгерлік қанат жаю дисциплинасы бойынша өткізілді. Төртінші кезең қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

Ерлер арасында жүлдегерлер:

  • 1-орын - Маңғыстау облысы, 27,19 секунд
  • 2-орын - Жамбыл облысы, 27,63 секунд
  • 3-орын -  Батыс Қазақстан облысы, 27,73 секунд

Әйелдер арасында жүлдегерлер:

  • 1 орын- Шымкентқаласы, 27,18 секунд
  • 2 орын- Астана қаласы, 27,65 секунд
  • 3 орын- Алматы қаласы, 28,76 секунд.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -