FlyArystan мобильді қосымшасын жаңартты: қандай жаңа мүмкіндіктер қосылды?

1606
Фотосурет: FlyArystan

Қазақстандық лоукостер FlyArystan жолаушыларға арналған дербес қызмет көрсету мүмкіндіктері кеңейтілген мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасын ұсынады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жаңартулардың көмегімен ұшу алдындағы дайындық бұрынғыдан да жеңіл, жылдам әрі түсінікті бола түсті. Негізгі өзгерістер қатарында:

Жаңартылған онлайн тіркеу

Рейс пен жолаушыларды таңдау енді бір бетте біріктірілген. Сонымен қатар, онлайн тіркеу кезінде сәбилер бірден ата-анасына қоса тіркеледі.

Бұрын рәсімделген броньға сәбиді қосу мүмкіндігі

«Менің сапарларым» бөлімінде жаңа «Сәбиді қосу» қызметі пайда болды. Егер жолаушы ережелерді білмей немесе билет сатып алу кезінде сәбиді көрсетпесе, енді ол 2 жасқа дейінгі балаларын байланыс орталығына жүгінбей-ақ рәсімделген броньға өздігінен қоса алады.

Бұл мүмкіндік онлайн тіркеу басталғанға дейін ғана қолжетімді. Егер тіркеуден өткен болса, оны кері жойып, сәбиді броньға қосып, содан соң, барлық жолаушыларды, оның ішінде баланы қоса, қайтадан тіркеуден өту қажет.

Әуекомпаниясы ұшу қауіпсіздігі талаптарына сәйкес әрбір сәби үшін (орынсыз болса да) жеке билет рәсімделетінін еске салады. Бұл қызмет тегін және балаларымен саяхаттайтын отбасылардың дайындығын айтарлықтай жеңілдетеді.

Отырғызу талондарын басқару

Онлайн тіркеуден кейін жолаушылар мобильді қосымша арқылы отырғызу талонын бірнеше тәсілмен жүктей алады: мобильді құрылғы галереясына сақтау немесе Apple Wallet-ке қосу (iOS қолданушылары үшін). Бұған қоса, талон автоматты түрде қосымшада сақталады және ол белсенді болғанша «Қызметтер» бөлімінде жүйеге кірмей-ақ да қолжетімді болады. Отырғызу талонын басып шығарудың қажеті жоқ – телефондағы электронды нұсқасы жеткілікті.

Брондау кезінде промокод қолдану

Төлем алдында промокод енгізу мүмкіндігі қосылды. Бұл жолаушыларға арнайы ұсыныстарды қосымша ішінен-ақ пайдалануға мүмкіндік береді. Қызмет әр науқанның шарттарына сәйкес жолаушылар саны мен жасына байланысты икемді тексеру ережелерін қолдайды.

Енді FlyArystan жолаушылары промокодты тек әуекомпаниясының сайтында ғана емес, мобильді қосымшада да қолдана алады. Мысалы, 2025 жылғы 28 қыркүйекте өтетін Almaty Marathon және 26 қазандағы Turkistan Marathon жүгіру жобаларына билет сатып алғанда 30% жеңілдік алуға болады. Промокодты марафон ұйымдастырушылары тіркеуден өткеннен кейін ұсынады, ал сапар жарысқа дейінгі және кейінгі екі күн ішінде жоспарлануы тиіс.

Жаңа мүмкіндіктермен қатар, соңғы жаңартуда қосымшаның тиімділігін арттыруға да баса назар аударылды.

Барлық қызметтерді толық пайдалану үшін мобильді қосымшада тіркеліп, жеке кабинетке кіру өту қажет.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -