Қазақстандағы сән-салтанат салығы: қандай өзгерістер енгізілді?

1474
Фотосурет: mmcmedia.com

Сән-салтанат салығы

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының Салық кодексінде (Салық кодексі) 2025 жылғы 18 шілдеде қабылданған «сән-салтанат салығы» ретінде жеке салық түрі көзделмегенін хабарлайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Соған қарамастан, жекелеген жеке тұлғалардың мүлкінің кейбір санаттарына салық салу нормалары бекітілген.

Атап айтқанда, келесі мүлік түрлері айқындалған:

  • Құны 18 000 АЕК және одан жоғары автокөліктер (сатып алынған көлік құнының 10%-ы мөлшерінде акциз есептеледі);
  • Құны 24 000 АЕК және одан жоғары яхталар мен ұшақтар (сатып алынған көлік құнының 10%-ы мөлшерінде акциз есептеледі);
  • Құны 500 000 теңгеден асатын алкоголь өнімдері (бір литрге шаққандағы теңгемен көрсетілген құнының 10%-ы мөлшерінде акциз салынады);
  • Құны 10 000 теңгеден асатын темекі өнімдері (сигаралар) (бір данаға теңгемен көрсетілген құнының 10%-ы мөлшерінде акциз салынады);

Жылжымайтын мүлік (пәтер, тұрғын үй және т.б.) – бір меншік иесінің атына тіркелген барлық объектілердің жиынтық құны 450 миллион теңгеден асса, онда мүлік салығы 2% мөлшерінде есептеледі.

Сонымен қатар, жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты есептеу мақсатында жылжымайтын мүлік құнын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (Корпорация) айқындайды. Бұл ретте, Корпорация белгілеген салық салу объектілерінің құны, көбінесе, олардың нарықтық құнынан едәуір төмен.

Корпорация тұрғын үй мен саяжай құрылыстарының құнын есептегенде сән-салтанат коэффициенті ретінде 1 бірлік пайдаланылады. Алайда, жергілікті өкілді органдардың шешімімен бұл коэффициент ең көп дегенде 50%-ға дейін арттырылуы мүмкін.

Егер бір тұлғаның меншігіндегі барлық салық салу объектілерінің жиынтық құны 450 миллион теңгеден асып кетсе, онда салық мөлшері былай есептеледі: 2 946 600 теңге + 450 млн теңгеден асатын сомаға 2% мөлшерінде.

Ал, жиынтық құны көрсетілген шектен аспайтын мүлік болса, онда әр объектінің құнына жеке-жеке салық салынады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -