Тәртіп пен талап күшейе түседі

1947
Фотосурет: Ұлттық ұлан

2025 жылғы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялап, ел дамуының жаңа кезеңіне бағыт берді. Бұл Жолдау – халқымыздың бірлігі мен елдігіміздің тұғыры болып табылатын стратегиялық құжат.

Президентіміз өз сөзінде еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын айқындап қана қоймай, білім беру, ғылым, қауіпсіздік және жастарды қолдау мәселелеріне де ерекше тоқталды. Әсіресе, цифрландыру, жасанды интеллектті дамыту, ұлттық экономиканы нығайту және азаматтардың әл-ауқатын көтеру – мемлекеттің жарқын болашағына қызмет ететін нақты бастамалар екендігін атап өтті.

Ұлттық ұлан Академиясының жеке құрамы Жолдауды зор ықыласпен қабылдап, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға әрдайым дайын. Әскери білім ордасы ретінде біз үшін Жолдауда көрсетілген ғылым мен білімді дамыту, жас ұрпақтың санасына патриоттық құндылықтарды сіңіру, құқықтық мәдениетті көтеру ерекше мәнге ие.

Бүгінгі курсант – ертеңгі офицер. Олар тек әскери шеберлігімен ғана емес, елінің нағыз патриоты, құқық пен тәртіпті қорғаушы, мемлекет мүддесін бәрінен жоғары қоятын азамат болуы тиіс. Осы орайда, Академияда оқу-тәрбие процесін жетілдіру, әскери тәртіп пен заңдылықты нығайту, курсанттардың антқа адалдығын арттыру басты міндет болып қала береді.

Президент атап өткендей, жастар – ел болашағы. Біз, курсанттарымыздың жаңа заман талаптарына сай білімді, тәртіпті, жауапкершілігі жоғары офицер болып қалыптасуына барлық жағдайды жасаймыз. Жаңа цифрлық технологияларды енгізу, әскери ғылымды дамыту, патриоттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлу – Академия жұмысының басты бағыттары.

Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген бастамалар Қазақстанның келешегіне деген сенімді күшейтіп, барша қазақстандықтарды жаңа белестерге жетелейтіні сөзсіз. Біз, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Академиясының ұжымы Елбасы жүктеген сенімді абыроймен атқарып, еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесімізді қоса береміз.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Тәуелсіздігіміз мәңгі жасай берсін!

Артур ТОҚЫШЕВ,

Ұлттық ұлан Академиясының бастығы

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -