Павлодар облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы тексерілді

1716
Фотосурет: Турар Казангапов/Tengrinews.kz

Павлодар облысында прокурорлар коммуналдық саладағы заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Железин ауданының прокуратурасы «Көмек» ШЖҚ КМК-нің (жылу энергиясын өндіру, беру және тарату, сондай-ақ сумен жабдықтау қызметімен айналысатын) қызметін тексеру барысында өрескел заңбұзушылықтарды анықтады.

Мысалы, кәсіпорын үш жылдан астам уақыт бойы салықтық міндеттемелерін орындамаған, 137 қызметкерге әлеуметтік аударымдар мен үстемақылар төлемеген, соның салдарынан 66 миллион теңгеден астам берешек пайда болған.

Сондай-ақ, кәсіпорын қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етілмеген, жалақы мен еңбек демалысына төлемдер үнемі кешіктіріліп төленген. Бұл арқылы жұмысшылардың еңбек құқықтары бұзылған.

Анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында прокуратура аудан әкімі мен фискалдық органға қадағалау актісін енгізді.

Нәтижесінде 137 қызметкерге әлеуметтік аударымдар төленді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -