«Қайрат» матчының билеттері бүгіннен бастап сатылымда

1452
Фотосурет: «Қайрат» ФК баспасөз қызметі

Қазақстан чемпионатындағы ең күтулі кездесулердің бірі – «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасындағы матчтың билеттері бүгіннен бастап сатыла бастайды. Ойын 14 қыркүйек күні сағат 17:00-де Алматыдағы Орталық стадионда өтеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Билеттерді Freedom SuperApp және Qairat SuperApp мобильді қосымшалары арқылы сатып алуға болады. Сатып алынған билеттер «Менің билеттерім» бөлімінде сақталады және матч күні QR-код форматында белсендіріледі. Мұндай тәсіл жанкүйерлерді жалған билеттерден қорғайды әрі стадионға кіруді әлдеқайда ыңғайлы етеді.

Сатылымның нақты басталу уақыты ресми дереккөздерде жарияланады. Сол себепті жанкүйерлерге Freedom Ticketon мен ФК Қайраттың әлеуметтік желідегі парақшаларын қадағалауға кеңес береміз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -