Жолдау жасампаздыққа жетелейді

1661
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  халыққа Жолдауы  ел айбынын асырар жаңа бастамаларға  арқау болғаны сөзсіз. Мемлекет басшысы  бірқатар мәселенің басын қайырып, жаңа бастамаларды жария етті. Жыл сайынғы Жолдауды Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы да іждағаттылықпен тыңдады. Өйткені, ел тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қорғауды міндетінің алғышартына айналыдырған құқықтық тәртіп әскері жаңа бастамалардың басы қасында болып, қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қырандай қырағы болуы шарт.

Ел алғысына бөленген «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты аймақтың геосаяси, стратегиялық ауқымда жатқаны әмбеге аян. Сондықтан қолбасшылық бейбіт өмірдегі ұлт тұтастығынын  қадағалап, айрандай ұйыған елдің аборойын асыруда жан аямай еңбек етуде. Мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ұрысқа қабілетті маңдайалды құрылымдардың біріне айналған Ұлттық ұлан әскері ерлік пен мінсіз қызметтің жоғары үлгісін әлі де көрсете бермек. Өңірлік қолбасшылықтың жеке құрамы қызметтік-жауынгерлік міндеттерге білек сыбана кіріседі. Өлкедегі түзеу мекемелерінде қырандай қырағылық танытып, тәртіпсіздіктің жолын кессе, өңірдегі стратегиялық нысандарды көзінің қарашығындай қорғауда табанды қызметтер атқарудан еш тайынған емес.

Бүгінгі Жолдауда Мемлекет басшысы елімізде екінші және үшінші атом электр станциялары салынатындығын баса айтты. Президент өз Жолдауында қазірден бастап құрылысын жоспарлай беруіміз керек деді. Бүгінде Қазақстан қуат көздерін жан-жақты жаңғыртып жатыр. Шетел инвесторларының қатысуымен ауқымды жобалар іске асуда. Мәселен, алдағы бес жылда қуаты 6,3 гигаватт болатын «жасыл» энергия нысандарын іске қосу жоспарланған. Яғни, мемлекетіміз үшін маңызды нысанның қауіпсіздігін қадағалауда Ұлттық ұлан жауынгерлері кірпік қақпай қызмет етпек. Жалпы, Отанымыздың қауіпсіздігін жанқиярлықпен қорғауда әскери қызметшілердің ерлігі орасан зор.

Себебі, жауынгерлер ел тыныштығын күзетуді - отансүйгіштіктің нағыз айнымас белгісіне балайды. Әсіресе, ел тыныштығын күзетуде қырағылық танытқан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының  жеке құрамы жауынгерлік әзірлік пен  кәсіби шеберліктерін үнемі арттырып келеді. Сан салалы даму мен жетілу сатыларынан сүрінбей өткен ішкі әскер жұртымызды жасампаздыққа жетелейтін Жолдаудың жүзеге асуына барын салатыны сөзсіз.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары

подполковник Арман Сеитов

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -