Мерейтойлық спартакиада: Қазақтелеком 14 спорт түрі бойынша көшбасшылар қатарында

110
Фотосурет: «Қазақтелеком» АҚ

«Қазақтелеком» АҚ «Самұрық-Қазына» X мерейтойлық спартакиадасында жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

8–10 тамыз күндері Астанада «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының X мерейтойлық спартакиадасы өтті. Бұл ауқымды спорттық іс-шара (14 спорт түрі, 1000 астам адам) Жұмысшы мамандықтар жылына орайластырылған. «Қазахтелеком» АҚ атынан әртүрлі өңірлер мен компанияның өндірістік, техникалық қызметтері және сервис орталықтарын қоса алғанда, түрлі бөлімшелердің қызметкерлерінен құралған команда қатысты. Біздің спортшылар футзал, киберспорт, үстел теннисі, дартс, шахмат, қол күресі, жүзу және басқа да спорт түрлерінен бақ сынасты.

Командалық есептің қорытындысы бойынша «Қазахтелеком» АҚ құрамасы 4-орынды иеленіп, жоғары дайындық пен үйлесімді ойын көрсетті. Бірінші орындар киберспорт, футзал спорт түрлерінен жүлделі болды, сондай-ақ 35–39 жас аралығындағы ерлер арасындағы жүзу бойынша (Абдразақов Мадиар Жанатұлы) иеленді, күміс жүлдені Құлмағамбетов Дастан Жәгiпарұлы (қол күресі, ерлер – 80 кг дейін), Дастанқызы Назерке (жүзу, әйелдер 30–34 жас) және Аюпова Галия Шамильқызы (жүзу, әйелдер 45–49 жас) алды. Қола жүлдегерлер – Давыденко Кристина Эдуардқызы (қол күресі, әйелдер – 65 кг дейін) және Друновская Надежда Александровна (жүзу, әйелдер 18–24 жас).

«Біз қызметкерлеріміздің жұмысында да, спортта да жеңіске ұмтылуын бағалаймыз. Бұл жетістіктер кәсібилікті, тәртіпті және өзара қолдауды көрсетеді. Олар бізді шабыттандырады және бірлесіп кез келген мақсатқа жете алатынымызды дәлелдейді» «Қазахтелеком» АҚ Бас әкімшілік директоры Ержан Мейрамов

Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы бұл жеңістердің маңызы зор, себебі олар «Қазахтелеком» қызметкерлерінің ортақ іске қосқан үлесін көрсетеді және кәсібилік, командалық рух пен нәтижеге деген ұмтылыс тек жұмыс орнында ғана емес, спорт алаңдарында да көрініс табатынын дәлелдейді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -