Онлайн алаяқтыққа қарсы семинарлар еліміздің барлық университеттерінде өтеді

1166
Фотосурет: freepik.com

Студенттер үшін қаржылық алаяқтыққа қарсы оқыту бойынша семинарлар өткізіледі, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Ұлттық Банктің Антифрод орталығы, ҚР ІІМ Киберқылмыспен күрес департаменті және екінші деңгейдегі банктер қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша студенттерге арналған оқыту циклін бастайды.

Білім беру бағдарламасы Астанада басталады. Алғашқы семинарлар 11 қыркүйекте Қазақ ұлттық хореография академиясы мен Esil University-де өтеді. Агенттік, Антифрод орталығы және киберполиция мамандары алаяқтық схемалары туралы нақты мысалдар келтіре отырып, вишинг (телефон алаяқтығы), дропперлік, жалған инвестициялау, жалған дүкендер, әлеуметтік желілердегі алаяқтық, фишингтік сілтемелер және әлеуметтік желілердегі аляқтық туралы айтып береді.

Семинарлар барысында Fingramota.kz білім беру бағдарламасы жеке блокты іске асырады. Студенттер қаржылық  қауіпсіздік қағидалары туралы ғана емес, қаржы өнімдерін сауатты пайдалану, жеке бюджетті жинақтау және бақылау дағдыларын қалыптастыру туралы да түсінік алады. Семинарлар ағымдағы жылдың соңына дейін еліміздің барлық университеттерінде тегін негізде өтеді.

Жобаның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың қаржылық сауаттылығын арттыру, қаржылық алаяқтықтың түрлері туралы білімді қалыптастыру, қауіпті жағдайларды тануға үйрету, сондай-ақ нақты және цифрлық ортада қауіпсіз іс-қимыл дағдыларын дамыту болып табылады. Қатысушылар өз ақшалары мен жеке деректерін қалай қорғау керектігін және қандай әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін жіті біледі. 

Бас прокуратураның мәліметінше, 2024 жылы 128 дроппер жауапқа тартылып, 59 алаяқтық топ әшкереленді, 800 талап-арыз бойынша сот арқылы 1 млрд теңгеден астам қаражат өндірілді.

Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпараты бойынша, 2024 жылы жалпы айналымы 24 млрд теңгені құраған 6200 дроп-карта анықталды.  Интернет-банкингке қол жеткізу үшін бөгде тұлғаларға ресімделген SIM-карталар қолданылған.

Ағымдағы жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда дропперлік схемаларға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілетінін естеріңізге саламыз.   

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -