«Болашақ мектептері» Маңғыстауда: балаларға жайлы орта мен жаңашылдық

1287
Фотосурет: Gov

Мұнайлы ауданында жаңа мектеп алғашқы оқу жылын бастады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Маңғыстау облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Жоба аясында жаңа оқу орындары салынып, оқушыларға заманауи әрі қолайлы білім ортасы құрылуда.

Мемлекет басшысының білім саласындағы бастамаларын жүзеге асыру шеңберінде Маңғыстау облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 25 мың орындық  13 мектеп салу жоспарланған, оның ішінде 9 мектеп салынды.

Бүгін Мұнайлы ауданында аталған жоба аясында салынған №19 орта мектепте Ашық есік күні өтті. Бұл – Батыр ауылы Хазар шағын ауданында орналасқан 1200 оқушы орнына арналған білім ошағы. Биыл мектеп табалдырығын алғаш рет 155 бірінші сынып оқушысы аттады. Оқу орны өз жұмысын 12 зерттеуші, 21 сарапшы, 57 модератор және 4 жас маманмен бастап отыр.

Мектепте барлығы 61 пән кабинеті бар. Оның ішінде робототехника, STEM, дизайн және технология, визуалды өнер, музыка, үй мәдениеті мен тамақтану мәдениетіне арналған кабинеттер бар. Барлық сыныптар заманауи жабдықтармен қамтылған.

Ерекше білімді қажет ететін балалар үшін сенсорлық бөлме, инклюзивті білімді қолдау кабинеті, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған жедел саты қарастырылған.

Мектептің қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінген: ғимарат ішінде 126 бейнекамера орнатылып, ауласында балаларға арналған ойын және спорт алаңдары жасақталған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -