Қазақстандық студенттер III Түркі универсиадасында 23 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды DKNews.kz.
3-9 қыркүйек күндері Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында жоғары оқу орындары студенттері арасында III Түркі универсиадасы өтті, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Универсиадаға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің студент-спортшылары қатысты. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Түркия Республикасы және Өзбекстан Республикасы спортшылары. Жарыс волейбол, футзал, үстел теннисі, шахмат, дзюдо, еркін күрес және грек-рим күресі сияқты 7 спорт түрі бойынша өтті.
III Түркі универсиадасына барлығы 5 елден 450 делегат қатысса, Қазақстан құрамасына 15 жоғары оқу орнынан 66 спортшы енді. Олар барлық 7 спорт түрінен бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық студенттер 8 алтын, 4 күміс және 11 қола, жалпы саны 23 медаль иеленді.
Келесі IV Түркі универсиадасы 2027 жылы Түркия Республикасында өтеді.