Бүгін Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде жеке құрам Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауын тікелей эфирде тамашалады.
Әскерилер елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қауіпсіздігіне бағытталған жаңа міндеттерді зор ықыласпен тыңдап, өздеріне жауапкершілік жүктейтін тұстарын айрықша атап өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Әскери бөлімде офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің қатысуымен өткен жиында жауынгерлер Елбасының саясатына қолдау білдіріп, Жолдау жүктеген міндеттердің орындалуына әрбір сарбаз үлес қосуы тиіс екенін жеткізді.
Осы орайда бөлімнің Тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар бойынша бөлімше бастығы Мұса Садвокасов өз пікірімен бөлісті.
«Мемлекет басшысы өз Жолдауында елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын басты назарда ұстады. Біз, әскери қызметшілер, әрқашан Отанымыздың тыныштығы мен қоғамның амандығын күзетудеміз. Президент жүктеген міндеттерді орындауда Ұлттық ұлан сарбаздары әрдайым алдыңғы шепте болады деп сенемін. Бұл Жолдау бізге жаңа серпін, жаңа мақсат береді» Мұса Садвокасов
5573 әскери бөлімінің жеке құрамы Жолдаудан кейін еліміздің өркендеуіне бағытталған нақты қадамдар жасалатынына сенім білдіріп, алдағы уақытта да мемлекет мүддесі жолында қалтқысыз қызмет атқаруға дайын екендіктерін жеткізді.