Алматыдағы Қант диабеті орталығы: офтальмологтар, эндокринологтар мен подологтар бір командада

1012
Фотосурет: wirestock/freepik.com

2025 жылғы 12 қыркүйекте Алматы қаласында Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ базасында Республикалық эндокринология және қант диабеті орталығы ашылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Орталықтың ашылу салтанатына ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, С.Асфендияров ат. ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов, Алматы қ. ҚДСБ басшысы Марат Пашимов және т.б. қатысады.

Эндокринология және қант диабеті орталығын ашудың мақсаты - Қазақстанда эндокринологиялық қызметті дамыту және пациенттерге жоғары мамандандырылған көмек көрсету.

Орталық командасының құрамына қант диабеті мен басқа да эндокриндік патологиялардың асқынуларын диагностикалауды, емдеуді және алдын алуды жүзеге асыратын эндокринолог, офтальмолог, подолог – хирург дәрігерлер кіреді. Орталық КІАҒЗИ базасында орналасқандықтан, пациенттер кардиолог, гастроэнтеролог, нефролог және невропатолог мамандардың кеңесін ала алады. Бұл пәнаралық тәсіл пациенттерді жан-жақты бақылауға және ауыр асқынулардың дамуын болдырмауға мүмкіндік береді. Орталықта қант диабетін бақылауға арналған заманауи құрылғылар бар.

Диабеттік табан кабинетінде біз заманауи технологияларды пайдалана отырып, кешенді диагностика мен тиімді емдеу әдістерін ұсынамыз. Аурудың ерте кезеңдерін анықтауға және емдеуді уақытылы тағайындауға, аяқты сақтап қалуға және ең тиімді оңалту шараларын таңдауға көмектесетін диагностикаға ерекше назар аударылады.

Өтетін орны: Әйтеке би көшесі, 120. Іс-шараның басталуы: сағат 11.00

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -