Сіздерді 12 қыркүйек күні Astana IT University қабырғасында өтетін Decentrathon 4.0 IT саласындағы ауқымды офлайн-шараға шақырамыз, деп хабарлайды DKNews.kz.
Биылғы хакатон жасанды интеллектке арналып, бір мезетте 20 қалада ұйымдастырылып отыр. Оған 2500-ден астам қатысушы қосылып, жүздеген жас маман нақты уақыт режимінде өздерінің AI-жобаларын жасап, таныстыруға мүмкіндік алады. Бұл алаңда болашақтың технологиялары әзірленіп, қаржы саласынан бастап мобильді сервистерге дейінгі түрлі бағыттарда қолданылуы мүмкін шешімдер әзірленеді.
Хакатонның алғашқы күні Web3.0 және блокчейн-технологияларға арналады, қатысушылар өз шешімдерін жасауға кірісіп те кетті. Ал 13–14 қыркүйек күндері шара жасанды интеллектке арналған трекпен жалғасады. Барлық бағдарлама офлайн форматта өтеді.
Іс-шара Astana Hub пен Blockchain & AI Technology Center (BAITC) ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылады.
AI-тректің эксклюзивті серіктестері – Банк ЦентрКредит, BCC-HUB және inDrive. Олар финтех пен мобильді технологиялар саласынан нақты тапсырмалар беріп, үздік шешімдерге әрі қарай іске асырылып, кеңінен қолданылу мүмкіндігі ұсынылады. Блокчейн бағыты бойынша серіктес Solana блокчейн-платформасы да қатысушыларға техникалық тапсырмалар береді.
Хакатон финалистері Қазақстандағы басты технологиялық алаң – Digital Bridge 2025 халықаралық форусының сахнасына шығып, өз жобаларын кең аудиторияға, әлеуетті инвесторлар мен серіктестерге таныстыруға жолдама алады.
Өтетін орны: Мәңгілік Ел даңғылы, 55/11, C1 блогы, Astana IT University
Өтетін күні:
- 12 қыркүйек – Web3.0 / Blockchain трегі
- 13–14 қыркүйек – AI трегі
- сағат 10:00-де.