Цифрландыру мен ашықтық: Қазақстан салық жүйесін жаңғыртуда

1210
Фотосурет: Gov

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының енгізілетін жаңа Салық кодексіне сәйкес экономика мен бизнеке ұзақмерзімді артықшылықтар қарастырылғанын хабарлайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл заңда ашық және болжамды ережелер бекітіліп, өңдеу саласы мен жаңа жобаларға инвестиция тарту ынталандырылып, сондай-ақ цифрландыру арқылы әкімшілендіру ісі жеңілдей түседі. Осы және өзге де өзгерістерді кәсіпкерлерге түсіндіру үшін ҚР Қаржы министрлігі ауқымды ақпарат науқанын бастап, оның шеңберінде еліміздің барлық өңірінде кәсіби әрі практикалық кеңестер өткізіліп келеді.

Осы бағыттағы 15 кездесу Маңғыстау облысында болды. Мәселен, Ақтау қаласында Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері «Атамекен» ҰКП бірлесіп семинар ұйымдастырып, оның барысында кәсіпкерлер негізгі жаңашылдықтар жөнінде біліп, сарапшыларға көкейкесті сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Мұнайлы өңір серпінді дамып келеді. Айталық, тұрақты өнеркәсіп секторы қалыптасып, мұнай мен табиғи газ өндіру ісі ұлғайып жатыр. Бұға қоса шикізаттан тыс экономиканың секторлары да жолға қойылғанын айта кетейік. Өңдеу өнеркәсібіне бейімделген кәсіпорындар іске қосылып, химия өнеркәсібі өркендеп келеді. Машина жасау саласында тұрақты қарқын сақталып отыр.

Жаңа реформа бойынша инвестицияларды ынталандыру мен отандық өңдеуді секторын дамыту мақсатында өнеркәсіп сегментіне айтарлықтай жеңілдіктер берілетін болады.

Жер қойнауын пайдаланушылар үшін жаңа қолдау шаралары қарастырылған. Атап айтсақ, КТС есептеу кезінде барлау мен өндіруге қатысты шығыстар кеңейтіліп, капиталды қажет ететін және өңдеу жобалары үшін, сондай-ақ техногендік минералды түзілімдерден пайдалы қазбаларды алу үшін салық жеңілдіктері енгізіліп отыр. Мұнай-газ компанияларына арналған ынталандырулар күшейтілді – ПҚӨС төмендетіліп, шегерімдердің жаңа түрлеріне рұқсат етілді және газ құнын есептеу ережелері өзгертілді.

Талқыланатын өзгерістер салық жүйесінің ашықтығын, тиімділігі мен әділдігін арттыруға, сондай-ақ мемлекет пен бизнес арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -