Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне Президент Жолдауы түсіндірілді

1287
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының басқарма жеке құрамымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараның басты мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында айтылған негізгі бағыттарды түсіндіру және оларды жүзеге асырудағы әрбір азаматтың рөлін айқындау.

Жиынға Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқарма басшысының орынбасары Шукеева Гүлжанар Болатқызы қатысып, Жолдауда көтерілген әрбір бағытқа жеке-жеке тоқталды. Ол әлеуметтік-экономикалық даму, мемлекеттік басқаруды жетілдіру, ұлттық қауіпсіздік пен қоғамның тұрақтылығы мәселелеріне жан-жақты түсініктеме берді. Сонымен қатар, Жолдауда ерекше назар аударылған жасанды интеллектіні дамыту тақырыбы да кеңінен түсіндірілді.

Сарапшылардың айтуынша, болашақта жасанды интеллект барлық салада қолданыс тауып, экономиканың тиімділігін арттыруға, азаматтардың күнделікті өмірін жеңілдетуге және мемлекеттік басқаруды жетілдіруге ықпал етеді. Әскери қызметшілер Мемлекет басшысының бастамаларына жоғары қызығушылық танытып, елдің дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Ұлттық ұланның жауапкершілігі зор екенін атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -