Ұландық Ливерпульдегі бокстан әлем чемпионатында «қола» жүлдегер атанды

1518
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Ұлттық ұланның спорттық командасын даярлау орталығының аға маманы – дене даярлығы және спорт бойынша аға нұсқаушысы қатардағы Виктория Графеева Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына қола медаль салды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Виктория 60 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, сенімді түрде жартылай финалға дейін жетті. Ширек финалда ол Өзбекстан боксшысы Ситора Турдибековамен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті.

Финалға шығу үшін өткен шешуші кездесуде қазақстандық боксшы бразилиялық Ребекка Де Лима Сантоспен қолғап түйістірді. Қарсыласына лайықты қарсылық көрсеткенімен, Виктория төрешілердің шешімімен ұтылып, әлем чемпионатының қола жүлдесін місе тұтты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -