ҰҚУ-нің әскери қызметшілері Сағадат Нұрмағамбетовты еске алды

1408
Фотосурет: Goc

Ақкөлде Ұлттық қорғаныс университетінің әскери қызметшілері Сағадат Нұрмағамбетовті еске алу іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің жеке құрамы Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің рухына тағзым етті.

Дәстүрге айналған игі шара аясында университет басшылығы, профессорлық-оқытушылар құрамы мен «Қарулы күштердің Бас штабы академиясы» факультетінің 1 курс магистранттары және әскери қызметшілердің отбасы мүшелері Ақмола облысының Ақкөл ауданындағы даңқты қолбасшының ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

Митингте Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков көрнекті қолбасшының қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы, ұлттық армияның құрылуындағы және жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеудегі айрықша рөлін атап өтті. Іс-шараға қатысушылар жергілікті музейге барып, онда қойылған армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің өмір жолы, әскери қызметі мен мемлекеттік қызметін бейнелейтін бірегей фотоқұжаттармен танысты.

«Қарулы күштердің Бас штабы академиясы» факультеті магистранттарының бұл еске алу іс-шарасына қатысуы – әскери дәстүрдің сабақтастығын, әрі көрнекті қолбасшының есімін ардақтап, оны ұрпақ жадында мәңгі сақтау ісінің маңыздылығын айғақтай түсті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -