Аграрлар елорда жәрмеңкесіне 650 тоннадан астам өнім әкелді

1221
Фотосурет: Gov

Елордада Ақтөбе мен Қызылорда облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 650 тоннадан астам өнім ұсынды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жәрмеңке сөрелерінде ет, сүт өнімдері, балық, ұлттық тәтті-дәмділер және басқа да тауарлар бар, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңке таңғы 9-да ашылды. Осы уақытқа дейін-ақ мұнда сатып алушылар көп жиналған.

«Біз Қызылорда облысынанбыз, жерлестеріміз келгенін естіп, арнайы жетіп, күріш пен қауын алдық. Қызылорда – күріштің отаны, мұнда қауын мен асқабақ та өте дәмді. Сол себепті барлығын сатып алып, үйде дәм татуды жөн көрдік. Биыл күріш бағасы өткен жылға қарағанда арзандау екен, бұл бізді қуантты», – дейді Жанат есімді қала тұрғыны.

Жәрмеңке күні елордалықтар Ақтөбе облысының шұжық өнімдерін де татып көріп, сатып алды. Олар ішкі нарықта үлкен сұранысқа ие.

«Біздің шаруашылықта шұжық цехы бар. Өнімдеріміз жылқы еті мен сиыр етінен жасалады. Шұжық, қақталған қазы мен жая, пісірілген шұжық және шикі өнімдер – жылқы етінен дайындалған деликатестерді ұсынамыз. Бүгінгі жәрмеңкеге біз 1500 тонна өнім әкелдік», – дейді Ақтөбе облысының Қарғалы ауданындағы шаруашылық иесі Салима Үсебаева.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -