Санжар Ташкенбай бокстан екі дүркін әлем чемпионы атанды

1463
Фотосурет: Gov

Бокстан Ливерпуль қаласындағы әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектер жалғасып жатыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ең жеңіл салмақтағы, 50 келіде сынға түскен Санжар Тәшкенбай финалдық бәсекеде Моңғолия спортшысы Алдархишиг Баттулгамен жұдырық түйістірді. Отандасымыз жекпе-жекте көз ілеспес жылдамдықпен қимылдап, қарсыласын тас-талқан етті. Есеп: 5:0.

Бұған дейін Санжар Тәшкенбай 2023 жылы Ташкент төрінде ұлттық құрама сапындағы ең жас әлем чемпионы (19 жас) атанған болатын.

Санжар Тәшкенбайдың жарыстағы жолы:

  • 1/8 финал. 🇯🇴Хузейфа Ишиш (Иордания) - 3:2
  • 1/4 финал. 🇮🇳Жадумани Сингх - 4:0
  • 1/2 финал. 🇨🇺Алехандро Кларо - 4:1

Осы салмақта әлем чемпионатының жүлдесі кімге бұйырған?

  • 1995 жыл. Болат Жұмаділов (51 келі)
  • 1997 жыл. Болат Жұмаділов (51 келі)
  • 1999 жыл. Болат Жұмаділов (51 келі)
  • 2005 жыл. Біржан Жақыпов (48 келі)
  • 2005 жыл. Мират Сәрсембаев (51 келі)
  • 2013 жыл. Біржан Жақыпов (49 келі)
  • 2017 жыл. Жомарт Ержан (49 келі)
  • 2019 жыл. Сәкен Бибосынов (52 келі)
  • 2021 жыл. Теміртас Жүсіпов (48 келі)
  • 2021 жыл. Сәкен Бибосынов (51 келі)
  • 2023 жыл. Санжар Тәшкенбай (48 келі)

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -