Махмұд Сабырхан бокстан екі дүркін әлем чемпионы атанды

1111
Фотосурет: Gov

Бокстан Ливерпуль қаласындағы әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектер жалғасып жатыо, деп хабарлайды DKNews.kz.

55 келіде сынға түскен Махмұд Сабырхан ақтық сында Испанияның мықтысы Лозано Серраномен күш сынасты. Алғашқы минуттан жерлесіміз басымдықты өз қолына алып, қарсыласының адымын аштырмады. Қорытынды есеп: 5:0.

Айта кетейік, осы әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан ең жылдам нокауттың да авторы атанған болатын.

Ол бұған дейін 2023 жылы Ташкенттнгі жаһандық додада алғаш рет топ жарған еді.

 Махмұд Сабырханның жарыстағы жолы:

  • 1/16 финал. 🇲🇽Бриан Ортиз - 5:0
  • 1/8 финал. 🇽🇰Башким Бажоку - нокаут
  • 1/4 финал. 🇯🇵Руи Ямагучи - 5:0
  • 1/2 финал. 🇨🇳Чуанг Луи - 5:0

Осы салмақта әлем чемпионатының жүлдесі кімге бұйырған?

  • 2001 жыл. Галиб Джафаров (57 келі)
  • 2003 жыл. Галиб Джафаров (57 келі)
  • 2013 жыл. Қайрат Ералиев (56 келі)
  • 2017 жыл. Қайрат Ералиев (56 келі)
  • 2021 жыл. Махмұд Сабырхан (54 келі)
  • 2023 жыл. Махмұд Сабырхан (54 келі)

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -