Бокстан Ливерпуль қаласындағы әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектер басталды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Рингке бірінші болып шыққан 3 дүркін әлем чемпионы, 48 келідегі Назым Қызайбай финалдық айқаста үнді спортшысы Минакши Минакшиге 1:4 есебімен жол берді.
Назымды әлем чемпионатындағы бесінші жүлдесімен құттықтаймыз.
Назым Қызайбайдың жарыстағы жолы:
- 1/8 финал. 🇭🇺Лилла Селецки - техникалық нокаут
- 1/4 финал. 🇺🇦Ханна Охота (әлем чемпионатының күміс жүлдегері) - 5:0
- 1/2 финал. 🇺🇿Сабина Блбокулова - 4:1
Осы салмақта әлем чемпионатының жүлдесі кімге бұйырған?
- 2006 жыл. Назгүл Боранбаева (46 келі)
- 2010 жыл. Назгүл Боранбаева (48 келі)
- 2012 жыл . Назым Қызайбай (48 келі)
- 2014 жыл. Назым Қызайбай (48 келі)
- 2016 жыл. Назым Қызайбай (48 келі)
- 2022 жыл. Алуа Балқыбекова (48 келі)
- 2023 жыл. Алуа Балқыбекова (48 келі)
- 2025 жыл. Назым Қызайбай (48 келі)