Бокстан Ливерпуль қаласындағы әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектер мәресіне жетті, деп хабарлайды DKNews.kz.
+90 келіде сынға түскен Айбек Оралбай осы салмақтағы басты бәсекелесі Жахонгир Зокировпен бір жылдың ішінде үшінші мәрте жолықты. Өте шиеленісті өткен айқаста Айбек шешуші раундта белсенді қимылдап, жекпе-жектің тағдырын өзгертіп жіберді. Қорытынды есеп: 3:2.
Айбек Оралбайдың жарыстағы жолы:
- 1/8 финал. 🇹🇷Мучахит Ильяс - 5:0
- 1/4 финал. 🇭🇷Лука Пратижачич - 5:0
- 1/2 финал. 🇨🇺Хулио Сесар Ла Крус - 3:2
Осы салмақта әлем чемпионатының жүлдесі кімге бұйырған?
- 1999 жыл. Мұхтархан Ділдәбеков
- 2011 жыл. Иван Дычко
- 2013 жыл. Иван Дычко
- 2015 жыл. Иван Дычко
- 2017 жыл. Қамшыбек Қоңқабаев
- 2019 жыл. Қамшыбек Қоңқабаев