Әскери қызметшілердің отбасыларымен кездесу

1166
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы

Қыркүйек айының екінші жексенбісі елімізде Отбасы күні ретінде аталып өтеді. Осыған орай Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлігіне қарасты 6699 әскери бөлімінің тәрбие бөлімі мен әйелдер кеңесімен бірлесіп жеке құрамның үйлеріне барып, әскери қызметшілердің отбасыларымен кездесті. Іс-шара барысында офицерлер мен сержанттардың шаңырақтарында болып, олардың тұрмыс жағдайымен танысып, отбасылық құндылықтардың маңызы туралы пікір алмасты. Әскери қызметтің ерекшелігі – ұзақ іссапарлар мен тәуліктік кезекшіліктер кезінде отбасының қолдауы ерекше орын алатыны атап өтілді.

Әскери бөлім басшылығы қызметшілердің жұбайларына елге сіңірген еңбектері үшін алғыс хаттары мен гүл шоқтары табысталды. Балаларға естелік сыйлықтар табыстады. Кездесу жылы әрі достық жағдайда өтіп, әскери ортадағы өзара түсіністік пен бірлікті одан әрі нығайтуға ықпал етті.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -