«Мәтібұлақ» полигонында танк бөлімшелерінің штаттық атыстары өтті

979
Фотосурет: Gov

Гвардейск гарнизонындағы «Мәтібұлақ» оқу полигонында Т-72 танкі қаруынан жоспарлы штаттық атыстар өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оған 1-ші және 3-ші танк батальондарының әскери қызметшілері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – жеке құрамның кәсіби даярлығын арттыру, штаттық қарудан оқ атудағы практикалық дағдыларды пысықтау, сондай-ақ ұрыс жағдайына жақын ортада экипаждардың үйлесімділігін дамыту болды.

Атысқа дайындық барысында әскери қызметшілер қару-жарақтың материалдық бөлігін зерделеп, қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулықтар алды. Атыс даярлығы нормативтерін орындады.

Сабақтар барысында экипаждар түрлі қашықтықтардан қозғалыс кезінде нысаналарды жою жаттығуларын орындап, танктерді оқ-дәрілермен жасақтады және қаруды ұрыс жағдайына келтірді.

Штаттық атыстар – танк бөлімшелерінің жауынгерлік даярлығының негізгі элементі. Полигонда бәрі көз алдыңда өтеді. Техниканы меңгеру шеберлігі, дәлдік, төзімділік пен батылдық. Әрбір оқ – экипаждың жауынгерлік тапсырманы орындауға дайындығының дәлелі, – деп атап өтті танк бригадасының командирі подполковник Асхат Шайкенов.

Атыс қорытындысы бойынша барлық экипаждар оқу нормативтерін сәтті орындап, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. 1-ші танк батальонының жауынгері лейтенант Ернұр Қаналбай басқаратын 3-ші танк ротасы ең үздік деп танылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -