Қазақстан байланыс әскері «Жиналыс» дала байланыс торабымен марш жасауда

1078
Фотосурет: Gov

Қазақстанның Қарулы күштерінде 2025 жылға арналған даярлық жоспары шеңберінде 22 қыркүйекке дейін жалғасатын байланыс әскерлерінің арнайы оқу-жаттығуы басталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Маневрлер ҚР ҚК Бас штабы Байланыс департаментінің бастығы полковник Асан Ақышевтің басшылығымен өту үстінде. Оқу-жаттығудың басты мақсаты – басқару органдарының, байланыс бөлімдері мен бөлімшелерінің орташа қарқынды қақтығыс жағдайында әскерлерді тиімді және сенімді байланыспен жедел қамтамасыз етуге дайындығын тексеру.

Оған Бас штабтың басқару органдары мен байланыс бөлімшелері, Ұлттық қорғаныс университетінің және Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының зерттеу топтары тартылды. Өзара іс-қимылға орталық мемлекеттік органдардың, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, бірқатар облыстар әкімдіктерінің мамандары, одан басқа байланыс операторлары мен күш құрылымдарының бөлімшелері қатысуда.

"Оқу-жаттығуға қатысушылар байланыс әскерлерін толық жауынгерлік даярлыққа келтіру мақсатында басқару органдары мен бөлімшелерінің іс-қимыл алгоритмдерін пысықтайды. Орташа қарқындылықтағы қақтығыс жағдайында байланысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі міндет орындалатын болады" Полковник Асан Ақышев

Практикалық іс-шаралар барысында байланысшылар байланыс тораптары мен желілерін орналастыру дағдыларын жетілдіріп, ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін зерделейді, сонымен қатар басқарудағы үйлесімділікті арттырады. Оқу-жаттығу мемлекеттік органдармен және байланыс операторларымен өзара іс-әрекетті нығайтуға, жеке құрамның жоғары моральдық-психологиялық және кәсіби қасиеттерді дамытуға арналған.

Оқу-жаттығуды өткізудегі ерекшелік болып Жалтыркөл елді мекенінен шартты жауынгерлік мақсаттағы пунктке — Ақмола облысының Шұбары ауылына "Жиналыс" далалық байланыс торабының маршы екенін айту керек. Бұдан бөлек, жабдықтардың жарамдылығы және елдің әр аймақтарындағы оқу-жаттығу полигондарымен ақпарат алмасу сапасы да тексеріледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -