«Таза Қазақстан»: Ордабасы ауданында 15 тонна қоқыс шығарылды

1199
Фотосурет: Gov

Бүгін Ордабасы ауданындағы Орталық саябақта кең ауқымды тазалық шарасы ұйымдастырылды. Сенбілік ауданды абаттандыруға, санитарлық тазалықты сақтауға және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған, деп хабарлайды DKNews.kz.

Атқарылған жұмыстар аясында саябақ аумағы күл-қоқыстан толық тазартылып, ағаштар мен көгалдарға күтім жасалды. Қатысушылар жапырақтарды жинап, орындықтар мен жүргіншілер жолдарын тазалады. Тазалық жұмыстарына аудан көлеміндегі мекемелер мен ұйымдар, ауылдық округтердің тұрғындары, жастар мен еріктілерден жалпы саны 2000-нан астам адам жұмылдырылды. Сонымен қатар, 10 арнайы техника тартылып, 15 тоннаға жуық тұрмыстық және табиғи қалдықтар арнайы полигонға шығарылды.

Шара барысында табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ордабасы ауданы әкімдігі мұндай сенбіліктердің ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға ғана емес, тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлығын оятуға да үлкен септігін тигізетінін атап өтті. Алдағы уақытта да тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасын табатын болады. “Таза Қазақстан” акциясы – бұл тек қана қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған экологиялық бастама емес, ол – рухани тазалықтың, адалдықтың және патриотизмнің идеологиясы

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -