Батыс Қазақстан облысында ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған ірі жоба жүзеге асырылуда

1056
Фотосурет: Gov

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында ұзындығы 63,1 шақырым болатын магистральдық су жүйесінің құрылысы жүріп жатыр. Жоба ауылдарды таза ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл жобаның іске асуы нәтижесінде бүгінде ауыз суға қол жеткізе алмай отырған Төлен және Сәуле ауылдары орталықтандырылған су жүйесіне қосылады. Сонымен қатар Қарақамыс ауылындағы су сапасы жақсарады.

Нысанды пайдалануға беру осы жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстарының 50%-ы аяқталды.

«Мемлекет басшысы еліміздің батыс өңіріндегі елді мекендерді тұрақты сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Бұдан бөлек, министрлік 1,3 млн адамды ауыз сумен қамту үшін ұзындығы 2,5 мың шақырымнан астам су құбырларын салу және реконструкциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жалпы алғанда, еліміздің 9 өңірінде – Ақмола, Атырау, Алматы, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында 31 жоба жүзеге асырылып жатыр», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -