Алматы қаласында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық Банк басшылығының Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің басшыларымен кезекті кездесуі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Кездесуге қатысушылар қаржы секторын дамытудың өзекті мәселелерін, оның ішінде Банктер және банк қызметі туралы жаңа заң жобасы бойынша нарыққа қатысушылардың ұсыныстарын талқылады.
Бұдан басқа, тұтынушылық кредит беру қарқындары, борыш жүктемесін болғызбау және экономикаға кредит беруді ынталандыру жөніндегі шаралар талқыланды.
Тараптар цифрлық қаржы активтерін енгізудің маңыздылығын атап өтіп, цифрлық теңгені пайдалану тетіктеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
Сонымен бірге қаржы секторының өкілдері қаржы нарығындағы алаяқтықтың алдын алу бойынша қабылданған шараларды, алаяқтық қарыздарды соттан тыс және сот арқылы есептен шығару үшін негіздерді қарады.