Сергеев су қоймасына 1 миллион тұқымдық сазан жіберілді

957
Фотосурет: berezinsky.by

Солтүстік Қазақстан облысында су айдындарын балықтандыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мемлекеттік тапсырыс аясында «Петропавл балық питомнигі» РМҚК-ны Сергеев су қоймасына балық жіберуді жүзеге асыруда. 27 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында су айдынына 1 млн тұқы балығының шабағы жіберілді.

Жас балықты жіберу барысына ведомствоаралық комиссия бақылау жүргізді. Оның құрамына Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар және «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Солтүстік филиалының мамандары кірді.

Балықтандырудың мақсаты – табиғи су айдындарының балық ресурстарын сақтау, көбейту және оларды тұрақты пайдалану.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -