Болашақ командирлер бронетехникамен су кедергілерін еңсеруді үйренуде

979
Фотосурет: Gov

Курсанттар су сынағынан сүрінбей өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының «Әли» оқу орталығында курсанттар жауынгерлік техникамен су бөгетінен өту жаттығуларын орындады.

1 курс курсанттары практикалық сабақтарға арналған су полигонында  төрт жыл бойы меңгерген дағдыларын көрсетті. Болашақ офицерлер жауынгерлік машинаның су айдынына кіру, суда қозғалу және жағаға шығу элементтерін пысықтады. Барлық іс-қимыл белгіленген қауіпсіздік талаптарына сай, нақты әрі үйлесімді орындалуы тиіс.

Дөңгелекті және шынжыр табанды жауынгерлік машиналарды жүргізу кафедрасының бастығы полковник Нұрболат Негметов мұндай жаттығулардың офицердің кәсіби қасиеттерін қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті:

"Практикалық жаттығулар – оқу бағдарламасының маңызды бөлігі. Курсанттар тәжірибе жинап, сенімділігі мен кәсібилігінің негізін қалайды. Суда техника жердегідей әрекет етпейді, сондықтан курсант кез келген күтпеген жағдайға дайын болуы керек. Мұнда төзімділік, жауапкершілік және күйзеліске төтеп беріп, дұрыс әрекет ету қабілеті көрінеді. Біз курсанттардың тапсырманы лайықты орындап, жоғары дайындық деңгейін көрсеткенін көріп отырмыз" Полковник Нұрболат Негметов

Курсанттар техниканы сенімді меңгеріп, экипаждардың үйлесімділігін және жылдам өзгеретін жағдайларда шешім қабылдау қабілетін көрсетті. Мұндай іс-шаралар «Әли» оқу-жаттығу орталығында үнемі өткізіліп тұрады және оқу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Сонымен бірге курсанттардың теориялық білімдерін бекітіп, тұрақты кәсіби дағдыларды қалыптастырып, өзіне деген сенімділікті арттыруға және болашақ командирлерді кез келген жағдайда тапсырмаларды орындауға дайындауға мүмкіндік береді.

Суда жауынгерлік машиналарды жүргізу сабақтары болашақ офицерлердің жауынгерлік дайындығының басты элементтерінің бірі. Мұндай жаттығулардың негізгі мақсаты – курсанттардың жауынгерлік жағдайларға барынша жақын ортада, бөлімшелер тактикалық тапсырмаларды орындау барысында су бөгеттерінен өтуге мәжбүр болған кезде, қажетті машықтарды меңгеруін қамтамасыз ету. Техниканы құрлықта дұрыс жүргізу жеткіліксіз. Курсант суда да сенімді әрекет етіп, машинаны бақылауда ұстап, экипаждың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тапсырмаларды орындауы тиіс.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -