Астанада Жұмысшы мамандықтары жылына арналған мурал пайда болды

1067
Фотосурет: Gov

Елорданың Сарайшық ауданында көпқабатты тұрғын үйдің қасбетінде Жұмысшы мамандықтар жылына арнап ерекше мурал салынды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Панноға құрылысшы, дәрігер, ауыл шаруашылығы маманы, электрик, өрт сөндіруші және теміржолшы бейнеленген. Шығарма позитивті стильде салынып, аудан құлпыртып қана қоймай, тұрғындарға еңбектің маңызын еске салатын ерекше атмосфера қалыптастырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл бастама Президенттің 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялау жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында жүзеге асты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның мақсаты – жұмысшы мамандықтарының құндылығын айшықтап, жастардың сұранысқа ие кәсіптерді таңдауға қызығушылығын арттыру.

Мурал авторы – суретші Ернұр Сәрсекеев.

Сондай-ақ бүгін Сарайшық ауданында «Жұмысшы мамандықтар аллеясының» салтанатты ашылуы өтті.

аңа сквер аудан тұрғындары үшін демалыс орны ғана емес, ел дамуына үлес қосқан еңбек адамдарының еңбегін насихаттайтын символдық кеңістікке айналды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -