Астанада жаңа эко-кеңістік пайда болды: 350-ден астам ағаш отырғызылды

3113
Фотосурет: Gov

Астананың Сарыарқа ауданында Жамбыл көшесі, 8 мекенжайында тұрғындарға арналған жаңа демалыс орны ашылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұрын бос жатқан аумақта енді жаяу жүргіншілер аллеясы мен көгалдандырылған аймақ ашылды.

Акция аясында 350-ден астам ағаш (жөке, қарағаш, мамыргүл, бадам және т.б.) отырғызылды. Іс-шараға аудан әкімдігінің қызметкерлері, мәслихат депутаттары Алтыншаш Табылды мен Бауыржан Смайлов, ардагерлер, тұрғындар және коммуналдық қызмет өкілдері қатысты.

Сарыарқа ауданының әкімі Жанасыл Шаукентаев бұл шараның «Таза Қазақстан» акциясына орай өткізілгенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа демалыс орны қала экологиясын жақсартып, жастарға үлгі болады.

Жаңа кеңістік К.Күмісбеков көшесіндегі бұрын 800 ағаш отырғызылған қоғамдық аймақтың жалғасы болмақ.

Айта кетейік, биыл елордада 170-тей аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, олардың басым бөлігі аяқталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -