Қарулы күштердің әскери қызметшілері қоян-қолтық ұрыстан жастар арасындағы өткен әлем чемпионатында алтын мен күміс олжалады

3883
Фотосурет: Gov

Арнайы операциялар күштерінің өкілдері Ақтауда жастар арасында өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Халық Арена» спорт кешенінде өткен әлем біріншілігіне 23 елден 250-ден астам жас спортшы қатысты.

«Жекпе-жекте» татамиге шыққан әскери қызметшілер алтын мен күміс медаль еншіледі.

Офицер-мерген лейтенант Дархан Жорағұл 97 келі салмақта алтын иеленсе, 88 келі салмақта топ сержанты – дене шынықтыру және жауынгерлік даярлық бойынша нұсқаушы сержант Азамат Асылбекұлы екінші сатысынан көрінді.  

Дархан Жорағұл Құрлық әскерлерінің әскери институтында оқып жүрген кезден бері спортпен шұғылдана бастады. Ол 2021 және 2024 жылдардағы жастар арасындағы халықаралық турнирлердің жеңімпазы, генерал-майор Әубәкір Арыстанбековті еске алуға арналған республикалық турнирдің чемпионы.

Сержант Азамат Асылбекұлының спорттық мансабы 2013 жылы Тараздағы спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатта басталды. Ол қоян-қолтық ұрыстан төрт дүркін ел чемпионы, қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Кубогы және армиялық қоян-қолтық ұрыстан ТМД чемпионы.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -