2026 жылы 245 гидротехникалық нысан мемлекеттік меншікке өтеді

2343
Фотосурет: klex.narod.ru

2025 жылдың соңына дейін 120 гидротехникалық нысан мемлекет меншігіне өтеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен облыс әкімдіктері гидротехникалық нысандарды коммуналдық гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың балансына беру бойынша жол карталарын әзірледі.

Осы жол карталарына сәйкес, биыл 120 гидротехникалық нысанды кәсіпорындардың балансына қабылдау жоспарланып отыр. 2026 жылы – 245, ал 2027 жылы – 465 нысанды қабылдау көзделген. Сонымен қатар 1 937-ге жуық гидротехникалық нысанды коммуналдық меншіктен республикалық меншікке беру жоспарда бар.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгінде өңірлерде коммуналдық гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару жөніндегі 16 мамандандырылған ұйым құрылып, жұмыс істеп жатыр. Соның ішінде 10 ұйым 2024-2025 жылдары құрылған. Қазіргі таңда бұл ұйымдардың балансына 872 нысан қабылданып, 283 арнайы техника берілді және 1 197 адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 310 қызметкер биыл жұмыспен қамтылды.

«Жаңа мекемелер Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында ашылды. Бұл мамандандырылған ұйымдардың басты міндеті – гидротехникалық нысандарды қауіпсіз пайдалану, олардың техникалық жағдайын сақтау және уақытылы жөндеу жұмыстарын жүргізу» Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -