Сел тасқынына дайындық: Қазақстанның өңірлерінде қорғаныс құрылыстары нығайтылуда

1331
Фотосурет: Gov

2026 жылғы су тасқыны қауіпті кезеңнің қарсаңында өңірлерде елді мекендерді қорғауға, инфрақұрылымның орнықтылығын қамтамасыз етуге және су басу қатерлерін азайтуға бағытталған инженерлік іс-шараларды жүзеге асыру жұмыстары белсенді жүргізілуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

  Қарағанды облысында инженерлік жұмыстар жоспары аясында жүргізіліп жатқан су тасқынына қарсы іс-шаралардың орындалуын бағалау мақсатында су басу қаупі бар учаскелер мен елді мекендерде тексеру жұмыстары жүргізілуде. Облыс аумағын аралау барысында жергілікті атқарушы органдарға жоспардағы барлық іс-шараларды толық аяқтау жөнінде ұсынымдар берілді. Бүгінгі таңда 138 жоспарланған іс-шараның 53-і орындалды, қалған 85 іс-шарада көзделген жұмыстар жалғасуда. Жоспар аясында12 км қорғаныш бөгендері мен үйінділер салынды және нығайтылды, 17,5 км өзен арналарында су басу қаупі бар учаскелерге санитарлық жұмыстар жүргізілді, шамамен 700 метр су ағызу арналары салынды және жөнделді, 2 км-ден астам нөсер кәріз жүйесі тазартылды, автожолдардың 17 учаскесінде су өткізу қабілеті арттырылды, 2 гидротехникалық құрылысқа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

  Павлодар облысында су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде инженерлік жұмыстар жоспары жүзеге асырылуда. Жоспар аясында қорғаныш құрылыстарын нығайту және елді мекендер мен инфрақұрылым нысандарын ықтимал су тасқыны мен су басудан қорғау деңгейін арттыруға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Атап айтқанда Ақсу қаласында ұзындығы 1,1 км арық жүйесі салынды, сондай-ақ жылыжай кешеніне апаратын кірме жол жөнделіп, су өткізу құбыры орнатылды. Жамбыл, Жаңажол, Қараағаш, Марғұлан ауылдарында қорғаныш және гидромелиоративтік құрылыстарды нығайту және қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Баскөл ауылында еріген және жаңбыр суын бұру үшін 4 су өткізу құбыры орнатылды. Республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында 20-дан астам су өткізу құбыры орнатылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атқарылған жұмыстар өңірдегі елді мекендер мен көлік қатынасын қамтамасыз ететін жолдардың инженерлік тұрғыдан қорғалу деңгейін едәуір арттырды. Қалған іс-шаралар жоспарға сәйкес жалғасуда.

  Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қарсы инженерлік шаралар жүзеге асырылуда. Су тасқыны қаупін азайту және маңызды инфрақұрылымды қорғау мақсатында инженерлік жұмыстар жоспары іске асырылуда. Негізгі автожолдарда еріген және жаңбыр суын кедергісіз өткізуге мүмкіндік беретін су өткізу құбырлары орнатылуда. Бұл шаралар жол төсемесінің бұзылу қаупін азайтуға септігін тигізеді. Елді мекендерде тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды қорғау үшін топырақ үйінділері (қорғаныш бөгендері) салынуда. Сонымен қатар Мәмлүт қаласының маңындағы Глубокое көлі мен іргелес жатқан ойпаң жерлерде судың деңгейін азайту жұмыстары жүргізілуде. Жоспарланған 37 іс-шараның бүгінгі күні 12-сі орындалды, қалғаны дайындық кезеңінде. Жергілікті атқарушы органдар мен жол қызметтері жұмыстарды жоспарға сәйкес үйлесімді және жер бедерінің ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асыруда. Су тасқынына дайындық өңірдің басты басымдықтарының бірі болып қала береді.

  Су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін барынша қамтамасыз ету мақсатында жоспарланған жұмыстар іске асырылуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -