Hyper Cloud: Beeline мен Huawei-дің қазақстандық компанияларға арналған жаңа бұлтты сервисі

1210
Фотосурет: HUAWEI

Hyper Cloud – Қазақстанның корпоративтік клиенттеріне арнайы әзірленген жаңа буын бұлтты платформасы. Ол бизнестің нақты қажеттіліктерін ескеріп, сенімділік пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді, халықаралық стандарттарға сәйкес келеді әрі деректер қауіпсіздігіне қатысты жергілікті талаптарға жауап береді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Платформа Beeline Қазақстан экожүйесіне кіретін «Hyper Cloud Solutions» ЖШС компаниясымен ұсынылып, Huawei компаниясымен стратегиялық серіктестік аясында жасалды.

Hyper Cloud Solutions деректер қауіпсіздігі, жедел ауқымдау және ел ішіндегі цифрлық ресурстарды бақылау мәселелері маңызды болып табылатын компаниялардың сұраныстарын шешуге басымдық береді. Жергілікті орналастыру мен арнайы жобаланған архитектураның арқасында деректер толығымен Қазақстан аумағында сақталады. Бұл әсіресе ақпаратты сақтау мен киберқауіпсіздікке жоғары талап қоятын бизнес үшін аса маңызды.

«Біз Hyper Cloud платформасын қазақстандық бизнеске түсінікті әрі сенімді құрал ретінде жасадық. Бүгінде компаниялар үшін толық бақылау, икемділік және деректер қауіпсіздігіне деген сенімділік, әсіресе сезімтал ақпаратпен жұмыс істегенде, өте маңызды. Біздің платформа осы талаптарға сай келеді әрі қолжетімді, оңай ауқымдалатын шешім болып қала береді» Hyper Cloud Solutions компаниясының директоры Станислав Ким 

Hyper Cloud тек үйреншікті IaaS-шешімдерді ғана емес, сонымен қатар кеңейтілген сервистердің ауқымды спектрін біріктіреді. Олардың қатарында деректерді басқару құралдары, бұлтты контейнерлер, деректер базалары, резервтік көшіру жүйелері, киберқауіпсіздік шешімдері, сондай-ақ ML/AI және IoT-қа негізделген сервистер бар. Мұндай тәсіл компанияларға IT шығындарын оңтайландыруға және күрделі әрі қымбат енгізулерсіз бизнес-процестерді жеделдетуге мүмкіндік береді. Huawei технологиялық базасына сүйене отырып, Hyper Cloud жоғары деңгейдегі істен шықпау тұрақтылығын, икемді баптауды және күрделі архитектураларды қолдауды қамтамасыз етеді, – деп атап өтті компания өкілдері.

«Бүгінде Қазақстан өңірдің негізгі цифрлық орталықтарының біріне айналып келеді, ал Huawei үшін осы үдерістің бір бөлігі болу – үлкен мәртебе. Beeline компаниясымен бірлесіп біз Hyper Cloud-ты іске қосудамыз — ол қазақстандық компанияларға инновацияларды жедел енгізуге, қауіпсіздік деңгейін арттыруға және нарықтағы позицияларын нығайтуға мүмкіндік беретін заманауи платформа» Huawei Қазақстанның бас директоры Сун Ясюй 

ЯкорьHyper Cloud цифрлық трансформацияға ұмтылған, жаңа өнімдерді тез іске қосуға және бизнес-процестердің тиімділігін ұзақ енгізу кезеңінсіз арттыруға бағытталған компаниялар үшін ерекше маңызды болады. Платформа шешімдерді нарыққа шығару уақытын айтарлықтай қысқартып, цифрлық ресурстарды басқаруды жеңілдетеді және ең бастысы – бизнестің тұрақты өсімі мен дамуына назар аударуға көмектеседі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -