Қазақстандық әжелер-модельдер Париж бен Миланда коллекцияны таныстырады

1012
Фотосурет: Gov

Еуропаның ең беделді сән сахналарының бірінде «Әлемді таңғалдырған әжелер» атты ерекше мәдени жоба көрсетіледі, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталмыш жоба қатысушыларының жасы – 60 пен 74 аралығында. Олар еліміздің әртүрлі өңірлерінен кастинг арқылы іріктелген. Еуропаның сән сахнасын бағындыруға 20 қатысушы аттанады. Көрсетілімдерде олар ұлттық нақыштағы «Ақ маржан» топтамасын ұсынбақ.

Жобаның авторы – Раушан Әнуарбекова, танымал сәнгер, Еуразия Дизайнерлер Одағының мүшесі, Ұлттық Дизайнерлер Академиясының академигі. Ол қазақтың ұлттық дәстүрінен шабыттанған заманауи топтамаларымен танымал және бұған дейін өз жұмыстарын Milan Fashion Week, Paris Fashion Week, Aspara Fashion Week сахналарында көрсеткен.

«Әлемді таңқалдырған қазақ әжелері» жобасы Еуропа сән апталығына төртінші мәрте қатыспақ. Биылғы іс-шара Халықаралық қарттар күніне және Қазақстанда дәстүрлі түрде аталып өтетін Қарттар айына арналады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -