Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов «Айбалта-2025» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы өтіп жатқан ауданда болды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жұмыс сапары барысында ол оқу процесінің ұйымдастырылуымен танысып, басқару пункттерін, тіршілікпен қамтамасыз ету нысандарын және жеке құрамның орналасу жағдайларын тексерді. Әскерлерді басқару, байланыс және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі мен алдағы іс-қимыл жоспарлары туралы командирлердің баяндамалары тыңдалды.
Тексеру нәтижесінде әскерлер мен әскери инфрақұрылымның тактикалық міндеттерді орындауға дайындығының жоғары деңгейде екені расталды.