Сақтандыруға енгізілген жаңа түзетулер қазақстандықтардың құқықтарын қорғауға бағытталған

2475
Фотосурет: @pressfoto / freepik

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысы жобасының (бұдан әрі – жоба) әзірленгенін хабарлайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жоба сегіз нормативтік құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Негізгі өзгерістер мен толықтырулар келесі мәселелерге қатысты:

  • сақтандырушының Бірыңғай сақтандыру дерекқорына (бұдан әрі – БСДҚ) берілетін ақпараттың анықтығы үшін жауапкершілігін белгілеу;
  • коэффициенттерді «бонус-малус» жүйесімен, оның ішінде мемлекеттік дерекқорларға қолжетімділік шектеулі болған жағдайларда есептеу тәртібін нақтылау;
  • БСДҚ жұмыс істеуін шектейтін техникалық іркілістер мен мән-жайлар туралы мәліметтер беру;
  • Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту;
  • сақтандыру брокерлерінің қызметі туралы, оның ішінде олардың комиссиялық сыйақысының ең төмен және ең жоғары мөлшері туралы ақпаратты жария ету;
  • сақтандыру полисін ресімдеуге қойылатын талаптарды белгілеу;
  • нормаларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша редакцияны нақтылау.

Жоба бойынша ақпарат «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылған, Жобаның толық мәтінімен Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -