Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының бұзылуы күтілед, деп хабарлайды DKNews.kz.
- Қатты Жел: Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстарында 23-28 м/с жететін қатты жел күтіледі.
- Өрт Қауіптілігі: Жамбыл, Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды және Атырау облыстарында өрт қауіптілігі сақталады.
- Найзағай: Күндіз Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында найзағай болуы мүмкін.
Қазгидромет» РМК синоптиктері 25 қыркүйекке дауылды ескерту жариялады:
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, облыстың шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қонаев қ.: шығыстан солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18-23м/с.
Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігігнде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Орал қ.: күндіз найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Көкшетау қ.: оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с күтіледі.
Петропавл қ.: оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с күтіледі.
Таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Қостанай қ.: оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: күндіз шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 17 м/с күтіледі.
Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 1 градус үсік күтіледі.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.