Жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу – Қорғаныс министрлігінің өңірдегі кездесулерінің басты өзегі

1518
Фотосурет: Gov

Абай облысында Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы кездесулер өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Күзгі әскерге шақыру науқаны аясында Абай облысына Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы келді.

Топ құрамында – облыс әкімдігі мен қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері, Құрмет қарауыл ротасының әскери қызметшілері, Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың орталық ансамблінің әртістері, Орталық әскери оркестрдің музыканттары, сондай-ақ Әскери-тарихи музей қызметкерлері бар.

Жарма ауданына қарасты Қалбатау ауылында тұрғындарға Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына түсу мүмкіндіктері мен әскери қызметтен өткен азаматтарға берілетін білім беру жеңілдіктері таныстырылды. Топ жетекшісі - Қорғаныс министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің басқарма бастығы полковник Мұрат Агубаев жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтіп, ауыл тұрғындарына Қорғаныс министрінің орынбасары атынан алғыс хат табыстады.

Кездесудің ерекше сәті – Қалбатау ауылының тұрғыны Әсел Садықованы туған күнімен құттықтау болды. Алдымен оның Қарулы күштер қатарында қызмет етіп жүрген ұлы қатардағы жауынгер Әлинұр Серікұлының бейнеқұттықтауы көрсетілді. Кейін сахнаға Әлинұрдың өзі шығып, анасына гүл шоғын табыстап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Ауыл тұрғындары Әскери-тарихи музейден әкелінген жәдігерлермен танысып, Құрмет қарауыл ротасы мен шығармашылық ұжымдардың концертін тамашалады.

Осындай шаралар Семейде, Курчатовта, Бесқарағай мен Бородулиха аудандарында да өтті. Олар Отанды сүю мен әскери қызметке құрмет көрсетуді ортақ құндылық ретінде дәріптеп, бірнеше ұрпақты бір арнаға тоғыстырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -