Қазақстанның орман шаруашылығы жаңа өрт сөндіру техникасымен күшейтіледі

1243
Фотосурет: Gov

2025 жылы лизингтік қаржыландыру аясында отандық өндірістегі өрт сөндіру техникаларын жеткізу жоспарланған. Атап айтқанда: 354 өрт сөндіру көлігі, 349 кіші орман патрульдік өрт кешені (КОПК) және 322 трактор, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жаңа өртке қарсы техника орман өртін тікелей сөндірумен айналысатын орман шаруашылығы мамандарының ұсыныстары негізінде әзірленген.

Жыл басынан бері 136 КОПК және 60 трактор жеткізілді.

2025 жылғы 6 қыркүйекте 8 бірлік техника Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне, тағы 8 техника Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының теңгеріміне берілді. Қалған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жыл соңына дейін кезең-кезеңімен қажетті техникамен қамтамасыз етіледі.

Басты артықшылығы – толық жетек (дөңгелек формуласы – 4х4), бұл жеке құрам мен барлық қажетті өрт-техникалық жабдықты орман және дала алқаптарының қиын жететін учаскелеріне сенімді жеткізуді қамтамасыз етеді.

Әрбір техника қозғалыс кезінде өрт сөндіруге мүмкіндік беретін қуатты өрт сорғысымен, сыйымдылығы 3 м³ суға арналған цистернамен, сондай-ақ өрт-техникалық жабдықтардың толық жиынтығымен, жеке қорғаныс және радиобайланыс құралдарымен жабдықталған.

Қосымша ретінде, көлік шанағы мен доңғалақ доғаларын өздігінен сөндіру жүйесі, сондай-ақ көлік асты бойымен қорғаныс жолағын жасау үшін су беру мүмкіндігі қарастырылған.

Бұл барлық құрал-жабдықтар орман өртімен күресудің тиімділігін едәуір арттырып, Қазақстанның табиғи байлықтарын сақтауға үлкен үлес қосады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -