Астанада үздік FPV-дрон операторлары бас қосады

1012
Фотосурет: @tv24kz

ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің ұйымдастыруымен 2025 жылғы 25-26 қыркүйекте Астана қаласында күштік құрылымдар FPV-дрон операторлары арасында «Military Drone Race 2.0» турнирі өтеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сайыс пилотсыз авиациялық жүйелерді (ПАЖ) жауынгерлік және кәсіби даярлықта қолдану саласын дамытуға, оны киберспорт аспектілерімен және озық технологиялармен кіріктіруге, бөлімшелердің техникалық әлеуетін жетілдіруге бағытталған.

Турнир сонымен қатар, осы сала мамандарының кәсіби деңгейін арттыруға, олардың өзара белсенді әрекеттесуін, білімі мен тәжірибесімен бөлісуін қолдауға арналған. 

Сайыс жүлделері жолында мемлекеттік күштік құрылымдар FPV-дрон операторларының 14 командасы бақ сынайды. 

Турнир бағдарламасы ПАЖ басқару бойынша бірнеше жаттығу кіретін екі кезеңнен тұрады. 

Күштік құрылымдар FPV-дрон операторларының сайысы  екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы турнир 2025 ж. сәуірде өткен, оның жеңімпаздары қатарында ҚР МКҚ, ҚР ҰҚК «А» АМҚ, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты командалары болған еді. 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -