Неліктен Қазақстанда кепілсіз қарыздарға шектеулер енгізілуде?

1177
Фотосурет: freepik.com

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Жоба банк қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында әзірленді және тұтынушылық кредит берудің өсу қарқынын шектеуге және азаматтардың шамадан тыс борыш жүктемесін болдырмауға бағытталған, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жобада соңғы 12 айда 90 күннен аса кешіктірілген қарызы бар қарыз алушылар үшін борыш жүктемесінің коэффициентін (БЖК)
0,5-тен 0,25-ке дейін төмендету көзделеді, бұл осы қарыз алушылардың артық міндеттемелер алу мүмкіндігін шектеуге және қайта дефолт ықтималдығын азайтуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, төмендегідей талаптардың бірі болған кезде кепілсіз тұтынушылық қарыздарды беруге шектеу енгізіледі:

  • банктік қарыздар бойынша күнтізбелік 30 күннен аса және (немесе) микрокредиттер бойынша 1 күннен аса төлем мерзімі өткен кезде;
  • 2025 жылғы 1 шілдеден бастап соңғы 36 айда негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша толық кешірілген берешек болған кезде;
  • соңғы 12 айда қарыз алушының өз міндеттемелерін тиісінше орындауына ықпал етпеген қайта құрылымдау жүргізілсе.

Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -