Қазақстан азаматтық авиация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда

1122
Фотосурет: Gov

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 42-сессиясы аясында ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева ИКАО Бас хатшысы Хуан Карлос Саласармен кездесті. Оған Қазақстан Республикасының Халықаралық азаматтық авиация ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар Қазақстанның азаматтық авиациясын дамыту және ИКАО-ның жаһандық күн тәртібінің негізгі мәселелерін талқылады. Оның ішінде ұлттық реттеуді SARPs-пен одан әрі үйлестіру және ұшу қауіпсіздігі мәдениетін нығайту, Қазақстанның халықаралық байланысын және транзиттік әлеуетін кеңейту, саланың орнықты дамуы (SAF және декарбонизация тетіктерін қолдау), цифрландыру және аэронавигация тиімділігін арттыру, сондай-ақ кадрларды даярлау және жастардың NGAP бастамалары аясында қатысуы мәселелері қаралды.

Өз сөзінде Салтанат Томпиева ИКАО-мен ынтымақтастықты елдің авиациялық билігі үшін стратегиялық басымдық ретінде белгіледі: «Қазақстан ИКАО-ның халықаралық құжаттарын ратификациялау бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда. Біз қазірдің өзінде төрт негізгі шартты ратификацияладық және қазіргі уақытта осы Конвенцияның 65-бабына және Конвенцияның 56-бабына өзгерістер енгізу жөніндегі хаттамаларды ратификациялаудың ұлттық рәсімдерін аяқтап жатырмыз».

Хуан Карлос Саласар ИКАО Қазақстанның ілгерілеуін және оның ИКАО стандарттарына ілгерілетудегі ұстанымын жоғары бағалайтынын атап өтті: «Қазақстаннан келген жаңалықтар – бұл сіздің еліңіздегі ұшу қауіпсіздігіне, авиациялық қауіпсіздікке және процестің тұтастығына жауапты кәсіби мамандар тобына алғыс айтқым келеді», – деді ИКАО Бас хатшысы. Сондай-ақ ол қыркүйек айының басында Қазақстанда жүргізілген авиациялық қауіпсіздік және формальдылықты оңайлату аудитінің алдын ала нәтижелеріне риза екенін және осы нәтиже басқа салаларда одан әрі ілгерілеу үшін негіз болатынын айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, аэронавигация тиімділігін және саланың тұрақтылығын күшейтуге бағытталған жобалар бойынша мазмұнды диалог пен үйлестіруді жалғастыру туралы, сондай-ақ ИКАО Бас хатшысы Хуан Карлос Саласардың Қазақстан Республикасына сапары туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -