Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватия Республикасының Загреб қаласында өткен күрес түрлері бойынша әлем чемпионатында жоғары спорттық жетістіктерге қол жеткізген бірқатар спортшылар мен жаттықтырушыларды мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды DKNews.kz.
«Құрмет» орденімен
- Сұлтанғали Айдос Сұлтанғалиұлы – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК нұсқаушы-спортшысы
- Қайпанов Нұрқожа Аралбекұлы – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК нұсқаушы-спортшысы
- Гаджимагомедов Камал Маликович – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубының жаттықтырушы-оқытушысы;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
- Есенгелді Асылжан Есболұлы – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК нұсқаушы-спортшысы
- Кешубаев Еркебұлан Нұрланұлы – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ жаттықтырушысы.