Қазақстанда 95 мың гектар ауыл шаруашылығы жерінің суару жүйесі жақсартылды

1023
Фотосурет: kstudio/freepik.com

Биыл Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті ирригациялық және дренаждық жүйелерді қалпына келтіру жұмыстары аясында 8,47 км канал, 11,2 км коллекторлық-дренаждық жүйе және 27 ұңғыманы реконструкциядан өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл шаралар нәтижесінде ирригациялық каналдардағы су шығынын жылына 250 млн текше метрге дейін қысқартуға және 95 мың гектар алқапты суармалы сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді.

«Су шаруашылығы мен ирригациялық жүйелерді дамыту үшін қазір 14 ірі жоба іске асырылып жатыр, олар 2026-2027 жылдары аяқталады. Бұдан бөлек, тағы 211 жобаның жобалау-сметалық құжаттары дайындалып жатыр», – деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -