«Айбалта» оқу-жаттығуы: ұрыс қимылдарын жүргізудің жаңа тәсілдері сыналды

1232
Фотосурет: Gov

Маңғыстау облысында өтіп жатқан «Айбалта-2025» жедел-стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы барысында Құрлық әскерлерінің барлау бөлімшелері, Қарулы күштер Әуе қорғанысы күштерінің армиялық авиациясы мен тікұшақпен іздеу-шабуылдау тобы жұмылдырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әскери қызметшілер барлау және барлау-ұрыс жүргізу тапсырмаларын күндізгі және түнгі жағдайларда, заманауи техникалық құралдарды қолдана отырып орындады. Жауынгерлердің жасырын әрі батыл әрекеттері шартты қарсыластың жоспарын уақтылы анықтап, нысаналарға соққы беру үшін деректерді дәл жеткізуге мүмкіндік берді.

Барлаушылардың жетістігін тікұшақпен іздеу-шабуылдау тобының әскери қызметшілері одан әрі нығайтты. Олар қарсылас тылының аумағына түсіп, маңызды позицияларды басып алып, ұрыста тактикалық басымдыққа қол жеткізді. Бұл әрекеттерге армиялық авиация белсенді түрде қолдау көрсетті.

Оқу-жаттығу эпизодтары барысында маневрлік ұрыс қимылдарын жүргізудің жаңа тәсілдері сәтті сыналды, сондай-ақ жердегі бөлімшелер мен әуе экипаждарының үйлесімді өзара іс-қимылы көрсетілді.

Оқу-жаттығу басшылығы әскери қызметшілердің далалық машығын, бөлімшелердің тез өзгеретін тактикалық жағдайда тапсырмаларды орындауға және кез келген қауіп-қатерге төтеп беруге дайындығын жоғары бағалады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -