FlyArystan Орталық Азиядағы ең ірі марафонды қолдад

1122
Фотосурет: FlyArystan

FlyArystan Almaty Marathon 2025 жарысында Қазақстан қалаларын біріктірді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстандық лоукостер FlyArystan бүгін Алматыда өткен Орталық Азиядағы еңауқымды жүгіру шарасы – Almaty Marathon қатысушыларына арнайы 30% жеңілдікқарастырылған промокод ұсынды. Аталған марафонға әлемнің 60 елінен келген 16 000 адамқатысты.

FlyArystan-ның марафонмен эксклюзивті серіктестігі еліміздің түрлі аймақтарынанқатысушыларға жарысқа қатысуға мүмкіндік берді. Әуекомпания ұсынған промокодтыпайдалану деректері бойынша, Almaty Marathon-ға Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Шымкент, Түркістан, Қостанай, Қызылорда, Семей, Өскемен және Орал қалаларынанспортшылар келген.

Жүгірушілерді алда 2025 жылғы 26 қазанда өтетін Turkistan Marathon күтуде. Бұл – FlyArystan-ның қатысушыларға жеңілдікпен ұшу мүмкіндігін қайта ұсынатын келесі іріспорттық шарасы болмақ.

Арнайы промокод Almaty Marathon ұйымдастырушылары тарапынан тіркеуден өткенненқатысушыларға кейін беріледі. Билеттерді жеңілдікпен www.flyarystan.com ресми сайтынаннемесе әуекомпанияның мобильді қосымшасынан төлем алдында промокодты енгізіп, рәсімдеуге болады.

FlyArystan-ның стандартты тиімді тарифі 5 кг дейінгі (56×23×36 см) бір дана қол жүгінжәне борттағы кездейсоқ орынды қамтиды. Әуекомпания жарыс басталатын және аяқталатынорында арнайы стенд орнатып, онда келушілер түрлі ойындар мен байқауларға қатысып, әуебилеттер мен бағалы сыйлықтар ұтып алу мүмкіндігіне ие болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -